Мақсаты: Жас ұрпақтың мақал – мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін әрі осы мақал – мәтелдерді қалай түсінетіндіктерін байқау. Мақал – мәтелдер арқылы халық даналығын бойларына сіңіру, мақал – мәтелдерді, балама сөздердің мағынасын ашу, сөздерді орынды қолдануға, өзі ойын дәл, анық жеткізе білуге үйрету, ойлау қабілеттерін және ой – өрістерін дамыту, Отанын, елін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Ақын Серік Қалиевтің шығармашылығын насихаттау.
Кеш шымылдығы кітапханашы Сандуғаш Әріпжанованың орындауында «Елге сәлем» әнімен ашылды.
Бабаларымыздың ғасырлар бойы жинаған даналығының інжу – маржандарын теріп жастарымыз оның өзін жаттап қана қоймай, мағыналарына терең бойласын деп мақсат қойған ақын, журналист Серік Қалиевтің шығармашылығына арналған байқаудың қонақтары әрі, әділқазы алқаларында қаламгер, Қ.Р. журналисттер одағының мүшесі, ауданымыздың құрметті азаматы Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы, ақын, Қ.Р. журналисттер одағының мүшесі Нұржан Әліш пен «Асқақ рух, еркін ел» қоғамдық ұйымының төрағасы Қалиев Берік болды.
Үш кезеңді қамтыған байқауда 12 сайыскер өз бағын сынады.
І –ші «Жалғасын тап» кезеңінде ұяшықтар таңдау арқылы белгіленген уақытта берілген балама сөздердің жалғасын тауып, мағынасын ашты.
ІІ –ші «Сөздің көркі - мақал» кезеңінде қатысушылар ұяшықтағы 3 мақал-мәтелдің мағынасын ашу арқылы сайысты.
ІІІ -ші «Өнерліге өріс кең» кезеңінде жергілікті ақын Серік Қалиевтің шығармашылығы бойынша үзінділері мен өлеңдерін оқыды.
Кітапхана оқырманы Тойшыбек Асылжан «Сәлем» әнін орындап, көрермен ықыласына бөленді.
Кітапханашы Нүрипа Асханбекқызы «» кітап көрмесіне шолу жасап таныстырды.
Әділқазы алқалары шешімімен 1 – орынды Ащыбұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Қожанжар Гүлдана иеленді. Екінші орынды Ш.Ниязбеков атындағы кітапхана оқырманы Төлеген Дана қанжығаласа, үшінші орынды Бесағаш ауылдық кітапханасының оқырманы Ахат Нұрай қанағат тұтты. Байқау жеңімпаздары мен үміткерлерге бағалы және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/398-ma-al-s-zdi-m-jegi-audandy-baj-au.html#sigFreeId605cc4d687