«Әулиеата- кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» кітап оқу марафоны
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әулиеата- кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» кітап оқу марафоны бастады.
Мақсаты: Өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық орталық кітапханада «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» атауымен жаңа жоба жұмысын жүргізді. Іс- шара барысында кітапхана қызметкерлері Гүлбағира Сулейменова, Мадина Құлшымбаева, Ақерке Мамашариева екі кейспен кітаптар алып шығып, мекемелерге жылжымалы кітапханалық қызмет көрсетті. Кітапхана қызметкерлері кітап барынша оқырманға жақын болу үшін қамқорлық көрсетіп, сондай-ақ оқырмандардың сұранысына қажетті әдебиеттерді жинақтады. Көпшіліктің кітапқа деген ынтасы зор екені байқалды. Өйткені көптеген кітапты сол жерден өз аттарына жаздырып, үйіне оқуға алды. Иә, шындығында күнделікті тіршілікте жұмыстан қолы тие бермейтін, кітап оқуға ынтасы болса да, кітапханаға келуге мүмкіндігі жоқ көпшілік үшін кітапхана қызметкерлері жылжымалы кітапхана жобасының жұмысы бағытында алдағы уақытта да барлық мекемеге ұйымдастыруды қолға алып отыр. Кітапханашылар әр он күн сайын қордағы кітаптарды апарып, алмастырып отырады. Кітапханашылар мекемелерге жарнама парақшалар, әдебиеттер шолуымен және әр түрлі жанрдағы кітаптармен Жамбыл ауданы санитарлық эпидемиялық бақылау мекемесіне барды. Мекеме басшысы Ғ.Әбділда бастап, қызметкерлері Г.Сариева, Ф.Абдрашова, Ж.Момбекова, Ж.Изтилеуова тағы басқа кітаптар таңдап, жаздырып алды. Жұмыстан шыға алмайтынын айтып, жылжымалы кітапхана қызметіне ризашылығын білдірді.
Нәтижесінде 25 адам қатысты.