Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Әулиеата- кітап оқитын өңір»

«Әулиеата- кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» кітап оқу марафоны

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әулиеата- кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» кітап оқу марафоны бастады.

Мақсаты: Өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру.

Іс- шара барысында кітапхана қызметкерлері Гүлбағира Сулейменова, Мадина Құлшымбаева, Ақерке Мамашариева екі кейспен кітаптар алып шығып, мекемелерге жылжымалы кітапханалық қызмет көрсетті.Ақпарат әлемін ғаламтор билеп-төстеген бүгінде халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет. Нағыз білім қайнарының мәртебе­сін қайтару мақсатында Жамбыл ауданының орта­лық кітапханада «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» атауымен жаңа жоба қолға алынды. Аталған жоба аясында кітапханада іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылып жатыр. Жобасының мақ­саты – кітапханадан тыс оқыр­мандарға қызмет көрсету, оқырмандарға саралап қызмет көр­сетуге арнал­ған олар­дың сұраныста­рын қана­ғат­тандыру және кітапхана қызметтері мен кітапты пайдалану арқылы халықты тарту. Жылжымалы кітапхана қызметі аудан тұрғындарымен, мекемелерімен, қария­лармен тығыз қарым-қа­тынаста жұмыс жасайды. Кітапханашылар әр он күн сайын қордағы кітаптарды апарып, алмас­тырып отырады. Қазіргі уақытта көркем әдебиет­тер оқырмандардың сұ­ранысына ие болып табылады және әр мекеме жаппай кітап оқиды. Кітапханашылар мекемелерге «кітапханадан не алып оқуға болады?» деген ұсыныстарымен, әде­биеттер шолуымен және әрине, әр түрлі жанрдағы кітаптармен барды. Ең алдымен Жамбыл аудандық электр жүйесі мемлекеттік мекемесіне барды. Мекеме басшысы Рабат Сарсенов бастап, қызметкерлері кітаптар таңдап , жаздырып алды. Жұмыстан шыға алмайтынын айтып, жылжымалы кітапхана қызметіне ризашылығын білдірді.

Нәтижесінде 18 адам қатысты.