Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Шуақты шаңырақ» жоба «Ән-көңілдің ажары» атты karaoke

«Шуақты шаңырақ» жоба «Ән-көңілдің ажары» атты karaoke

Аудандық орталық кітапханасында 2025- Кітап оқу жылына орай «Шуақты шаңырақ» жобасы аясында «Ән-көңілдің ажары» karaoke зейнеткер оқырмандар арасында өтті.

Мақсаты: Әнсүйер аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту, музыка арқылы рухани байыту, жалпы ән әлеміне саяхат жасау,сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өнерге біртабан жақындату.

Кеш қонақтары: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі Абзалбекова Айгүл, Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету денсаулық мектебінің мейірбикесі Дилдабекова Ғазиза Шәйділдақызы, Ауруларды басқару мейірбикесі Жанысбай Айгерім Қадірбекқызы қатысты.

Іс-шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева «Сазды әуен» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсаты мен бағыттарын баяндап өтті.

Karaokeнің негізгі бөлімі «Сағындырған әндер-ай!» деп аталып, жиналған қауым ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасап, Шәмшінің әндерінен «Ана туралы жыр», «Өмір өзен», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» және Әсет Бейсеуовтің «Мұңайма» және «Әке туралы жыр», М.Шаханов пен Н.Тілендиевтің «Куә бол» тағы сол сияқты әндерді караоке арқылы орындалды. Кеш барысында келген қонақтарға сөз беріліп, келген мамандар өз кәсіптері бойынша ақпарат бере отырып, жиналған қауымның қан қысымдарын өлшеп көмектерін көрсете білді. Тағылымы мол кешті Әуелбаев Әлдибай ақсақал Қорабай Есеновтың «Жас қалам» әнімен қорытындылады.

Іс-шараға арнайы жасақталған «Саз әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Сиқырлы әуендер» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.