Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Әулиеата- кітап оқитын өңір» облыстық жобасы аясында «Кітап менің өмірімде» атты open talk

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әулиеата- кітап оқитын өңір» облыстық жобасы аясында «Кітап менің өмірімде» атты open talk өтті.

Шақырылған қонақтар: Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Жолтайқызы және қаламгерлер Сансызбай Бертайұлы, Қайрат Отарбаев, Нұржан Әліш, Әсел Назаралы, Эдиса Мамбеталиева, «Шұғыла- Радуга» аудандық газетінің редакторы Нұрасыл Сұлтанбаев пен «Жас қаламгер» оқу клубының мүшелері.

Шара шымылдығы кітапхана оқырманы Асылжан Тойшыбектің «Сәлем» әнімен түрілді. Іс- шараны әдіскер Гүлбағира Сулейменова жүргізіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек, сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз дегенін жеткізді. Облыс әкімі осы жылды Әулиеата өңірі үшін «Кітап оқу жылы» деп жарияласа, ауданымызда жаңа кітапхана бой көтеруде. Кітап оқуды дамытуға жан- жақты қолдау көрсетілуде.

Іс- шара 3 бөлімнен тұрды. Іс- шарада ашық еркін форматта жастарды ең алдымен кітап оқуға бағыттау керектігі айтылды. «Сыр- сұхбат» бөлімінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен сұхбат ұйымдастырылды. Ерлан Қыдыралыұлы рухани азық берер кітаптың ақы сұрамайтын ақылшы дос екеніне тоқталып, жас дарынды оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

«Топ 5 сауал» бөлімінде қаламгерлер Сансызбай Бертайұлы, Қайрат Отарбаев, Нұржан Әліш, Әсел Назаралы, Эдиса Мамбеталиева қойылған сауалдарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.

«Жыр жазамын жүрегімнен» бөлімінде көптен бері қалам тербеп келе жатқан жас дарынды ақындардың шығармашылығына арналды. Жамалбек Мерей өз шығармашылығынан «Мұқағали - Муза» өлеңін оқыса, Айдаралы Әнел Қуаныш Ауғанбаевтың «Өлеңнің обалы» өлеңін оқыды. Шығармашыл жастар өлеңдер оқып, кештің ажарын ашты.Іс- шара соңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ақ тілегін айтып, «Жас қаламгер» оқу клубына өзі оқыған кітаптарын сыйға тартты.

Іс- шарада жас толқын ақын-жазушылардың шығармалары қойылған «Жыр жазамын жүрегімнен» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, «Кітап- білім мен рухани байлықтың көзі» және «Жас қаламгер» оқу клубының жұмысы туралы бейнероликтер көрсетілді. Нәтижесінде 32 адам қатысты.