Аудандық орталық кітапханада «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» READx жобасы өтті.
Мақсаты: Көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық - тақырыптық мәнін меңгеру және рухани мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету.
Кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатыны ұғындыру. Оқырмандардың білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.
Іс - шара барысында Ақерке Мамашариева READx жобасымен таныстырып, оқырмандарға «оқимын», «ойланамын» смайликтер таратып беріп кештің спикерлерімен таныстырды.
Спикерлер:
1. Жамбыл ауданы бойынша дүниежүзі қазақтары қауымдастығының директоры: Пірімқұлов Сембек Шайхы - ұлы кітабы «Жамбыл облысының топономикалық атаулары».
2. Зейнеткер оқырман: Еркеева Күлдана Жүнісқызы кітабы Санжар Керімбайдың «Бейсен және Болмыс»
3. Шығармашылық орталығының мұғалімі, қаламгер: Отарбаев Қайрат, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилологиясы.
4. Тоғызтарау ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы: Аптауов Нұржан Жорабекұлы, Тауасарұлы Қазбек бек
«Түп - тұқианнан өзіме шейін»
Әр спикер өзі оқыған кітаптарын таныстырып, өте әсерлі, қызықты, нақты ойын жеткізіп суреттей келе, өзі осы кітаптан қандай тәжірибе, тәрбие алғанын айтып берді. Ал оқырмандар «оқимын», «ойланамын» смайликтері арқылы дауыс берді. Сонымен қатар, спикерлерге сауалдар қойылып, қызықты жауабтар алынды. Спикерлер мен оқырмандар арасында кітаптар тартысты талқыланды. Оқырман Ақерке Пернебек авторы Санжар Керімбайдың “Бесен және болмыс” кітабы жайында пікірін білдірді.
Жоба соңында Еркеева Күлдана Жүнісқызының оқыған авторы Санжар Керімбай «Бейсен және Болмыс» кітабы мен Отарбаев Қайраттың оқыған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилологиясы басымдық дауыспен оқырман ықыласына бөленді. Іс - шараны әдіскер Гүлбағира Сүлейменова қорытындылап, спикерлерге алғысын білдірді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/421-men-o-y-an-bir-kitap-readx-zhobasy.html#sigFreeId7e9b7eccc4