Жамбыл аудандық орталық кітапханасы мен балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Әулиеата – оқитын өңір» жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында «Оқуға құштар жүректер» тақырыбындағы аудандық шығармашылық байқауы өтті.
Мақсаты:
- Қазақ балаларының көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын насихаттау;
- Балалар мен жасөспірімдерді ұлттық рухани құндылықтарға баулу және отансүйгіштік сезімін нығайту;
- Қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан жазушылардың еңбектерін таныту;
- Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету;
- Тіл байлығын арттыру және әдеби көркем шығармаларды оқуға ынталандыру;
- Кітапханаға бетбұрыс жасау.
Байқау үміткерлері төмендегі кезеңдер бойынша сынға түсті.
1 –ші кезеңде - «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскер өзін таныстырды.
2- ші кезеңде - «Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны мен жазушысы» ақынның өлеңін және жазушының прозасынан үзінді оқыса,
3-ші «Портрет галереясы» кезеңінде портреттегі бейнені тапты.
Соңғы «Әдеби бәйге» кезеңінде қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.
Іс – шара байқау қонақтары мен әділ қазылар алқалары
Махамбеткұлов Сансызбай Бертайұлы –қаламгер, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ауданның құрметті азаматы.
Ауғанбаева Бақыт Досанқызы – Д. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Айнабекова Ақерке Қуанышбековна - Д. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы болып, жеңімпаздарды анықтады.
Әділ қазы алқалары шешімімен бас жүлдені және облыстық іріктеу кезеңіне жолдаманы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің білім алушысы Жаңабек Бақкелді иеленді.
Жүлделі бірінші орынды Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының 7 сынып білім алушысы Таңжарбай Сымбат, жүлделі екінші орынды Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының 5 сынып білім алушысы Файзулла Айару мен Ю.Гагарин атындағы мектеп –лицейінің 6 сынып білім алушысы Орынбай Ақнұр тұрақтады. Үшінші жүлделі орынды Қ.Сартбаев орта мектебінің 8 сынып білім алушысы Қожамжар Нұргүл мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып білім алушысы Ешназар Гүлдария қанжығасына байлады.
Кеш соңында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Қалисаева жеңімпаздарды құттықтап бағалы сыйлықтары мен қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/422-ulieata-o-ityn-ir-zhobasy-ayasynda-o-u-a-shtar-zh-rekter-audandy-shy-armashyly-baj-au.html#sigFreeId7b2b36a0ca