Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітапхана лидері» жобасы аясында «Абай әлемі» интеллектуалдық сайысы

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана лидері» интеллектуалдық сайысы Юрий Гагарин атындығы мектеп-лицейінің 10- сынып білім алушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері: АБЖК меңгерушісі Ш.Төлепбергенова, Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Г.Сүлейменова, Юрий Гагарин мектеп-лицейінің мұғалімі және сайыста бақ сынайтын үміткерлер: Амангелді Шыңғыс, Мұратбек Самарат, Амантай Нұрай, Беркімбай Нұрайды таныстырды.
Сайыс төрт бөлімнен тұрды.
I – «Бәйге» 
ІІ – «Жеті жұмбақ»
IIІ – «Жорға»
IV – «Дода»
«Бәйге» кезеңі бойынша «Ғажайап дөңгелекті» айналдырып, тоқтаған кезде Абай Құнанбаев өмірбаянына қатысты сұраққа жауап берді. Әр сайыскерге үш сұрақтан қойылды. Бұл кезеңде қатысушылар бірдей ұпай санына ие болды.
 «Жеті жұмбақ» сайысында барлық сайыскерлер жеті логикалық есепке қатысты сұрақ бойынша жарысқа түсіп, Амантай Нұрай «Бәйге» кезеңінің ұпай санын қоса есептегенде ұпайы аз болып, үшінге кезеңге өте алмады.
«Жорға»кезеңі бойынша ұяшықты таңдай отырып, сұраққа жауап берді. Әр қатысушыға ақынның шығармасына байланысты бес сұрақтан қойылды. Ең төменгі ұпай жинаған Беркімбай Нұрай ойыннан шығып қалды.
«Дода» кезеңінде Абайдың қара сөзіне қатысты әр қатысушыға үш сұрақтан беріліп, Амангелді Шыңғыс пен Мұратбек Самрат додаға түсті. Көп ұпай жинаған қатысушы Мұратбек Самрат алға шықты. 
Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ұпайын есептеп, жариялап, жылдамдық пен білімділігін көрсеткен Мұратбек Самрат жеңімпаз атанды. Жеңімпазға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.