Мақсаты: Қазіргі кітапхана жұмысында заманауи әдістерді пайдалану, оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру
Міндеті: Кітапханашылардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру
Іс- шара барысында аудандық орталық кітапхананың әдіскері Гүлбағира Сүлейменова кіріспе сөзбен ашып, ауылдық кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында өткізілетін осы семинарда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану керектігін айтып өтті.
«Алғыс айтамын!» /тренинг/ Әдіскер 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай жүрек шарды ұстап кітапханашыларға алғысын білдірді.
«Кітапты тап!» әдеби ойыны арқылы екі ойыншы шығып, біреуі кітап мұқабасын таңдап, екіншісі ішкі бетін тауып, жұп болып бірікті. Кітапханашылар бұл кітаптың пайдасы, ББК бойынша қай бөлімге жатады яғни осы кітапқа жарнама жасауыңыз керек. Топтастыру әдісінің тиімділігі оқырмандарды жарысып, бірлесіп жұмыс жасауға ықпал етеді. Көңіл - күй сыйлайды, тапқырлыққа баулиды, ізденуге сындарлы ойлауға үйретеді.
«Book Bingo» лото ойынында кітапханашыларға
арнайы дайындалған бинго билеттері мен әдебиет тізімдері таратылды,
оқушылар билет ұяшықтарына әдебиет атауларын жазып шықты. Әдіскер «Сиқырлы табақшадан» қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиет атауларын жеребемен алып оқиды, ал қатысушылар аталған шығарманы билеттерінен сызып отырды. Ең бірінші бағандағы тор көздері түгел сызылған билет бинго болды. Бинго билетінің иесі Манабаева Нурипаға сыйлық табыс етілді.
Ойын арқылы берілген шығармалар мен авторлар жайлы
білімдерін жетілдірді.
«Book Dingo» әдеби ойынында кітап мұқабасы бар карталар таратылды. Бірдей карта шыққанша ойнады, қолында 4 бірдей карта шыққан Құрымбаева Дана алақанын терезеге басып, «Book Dingo» деді, оның үстіне қалған ойыншылар алақандарын қойды, соңында Сәуле Мусралиева қойып жеңілді де үш картаны таңдады.
1. WINNER - яғни жеңімпаздың тілегін орындайды.
2. FREE PASS- тілек орындаудан босатылады
3. ALL- яғни барлық ойыншының тілегін орындайды, осы карта шығып, Сәуле барлық ойыншының тілегін орындап, сыйлық алды.
«Көлеңкелі поэзия» әдісі, ескі кітап парағын алып, сөздерді бояп белгілеп басқа мағынада әңгіме немесе өлең жолдарын құрастырды. Қатысушылар өлең, мәтін құрап өте қызықты өтті.
Кітап оқуды насихаттаудың жаңа жобалары таныстырылды. «READx» жобасы бойынша 4-5 спикер өзі оқыған кітабын әсерлі мазмұндайды. Оқырмандар «оқимын» және «ойланамын» смайликтері арқылы дауыс береді, ең көп ұпай жинаған кітап жеңімпаз болып танылады, “D.E.A.R” жобасы «Бәрін тастап, кітап оқы!» дегенді білдіреді, 20 минут кітап оқып, 3 минут мазмұндап береді. Бұл отбасыларға кітап оқуды өмірлерінде басымдыққа айналдыруды еске салуға арналған ұлттық оқу мерекесі, "Book.Tea.Talk" шай үстіндегі кездесу жобасы туралы ақпарат берілді.
Wordwall, Learning apss ресурстарын қолдану арқылы қатысушыларға интеллектуалдық, интерактивтік информация беріп, шығармашылық қабілетін дамытуға, жылдамдыққа, өз ойларын жүйелі, нақты, сенімді түрде жеткізуге үйренді.
Аудандық кітапхананың әдіскер Гүлбағира Сулейменова кітап оқуды дамытатын түрлі форматта заманауи әдістер мен жобаларды практика жүзінде көрсетіп, интерактивті ресурстар мен бағдарламаларды пайдалану жолдарын оқытып үйретті. Теориялық және практикалық жұмыстар жүргізілді.
Семинар нәтижесінде кітапханашылардың кәсіби біліктілігі артып, қазіргі кітапхана саласына қатысты заманауи әдістерді меңгерді.
Семинарға 22 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/424-kitap-o-udy-nasikhattaudy-belsendi-disteri-seminar-praktikum.html#sigFreeId3718501617