Қазақстанның Халық әртісі, күйші - композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты сазды кеш кітапхана оқырмандары арасында өтті.
Мақсаты: қазақ музыкасының жарық жұлдызы Нұрғиса Тілендиевті еске алып, оның шығармашылығына құрмет көрсету, ерекше тұлғаның ұлттық мәдениетімізге қосқан зор үлесін, оның халық өнеріне деген шексіз сүйіспеншілігін және ұлт руханиятына жасаған орасан еңбегін насихаттау.
Кешке аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері: Лұхманов Ғарифолла, Таласбаев Нұрлыбек, Ертаев Көпшіл қатысты. Н.Тілендиевтің мұрасын құрметтейтіндер, өнерге жақын жандар жиналды. Сазды кешті оқу залының кітапханашысы жүргізіп, Н.Тілендиевтің өмір жолымен таныстырды.
Сазды кеште композитордың «Құстар» әнін Ғ.Лұқманов керемет дауыста орындаса, «Әлқисса» күйін Н.Таласбаев орындап берді. Қатысушылардың сұранысы бойынша әрбір қазақстандыққа таныс шығармалар орындалды. Лэд эран арқылы Айгүл Үлкенбеваның орындауындағы Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдатты.
Бүгінгі іс - шарада Нұрғиса Тілендиев мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Оның есімі ұмытылмайды, ал шығармашылығы ұрпақтан - ұрпаққа жетіп, халықпен бірге жасай береді.
Сондай - ақ, «Тілендиевтің мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі «Қазақ музыкасының символы» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Сазды кеш, қатысушыларға әдемі көңіл сыйлады.
Нәтижесінде: 19 адам қамтылып, 3 дана кітап қолға берілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/426-nerin-nege-etken-n-r-isa-sazdy-kesh.html#sigFreeId6fbe90523e