Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Шуақты шаңырақ» жобасы аясында «Киелі жерлер - аймақтың алтын мұрасы» тақырыбында киелі жерлерге зейнеткер оқырмандарына тарихи саяхат ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - Өлкенің мәдени мұрасын және де кітап қорындағы ғасырлар бойы жинақталған ұлттық әдебиет пен жазба үлгілерін, тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, тарихи - мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, туған өлкенің тарихын таныту.
Саяхат барысында кітапханашы Құралай Асхатаева қатысушыларға өлкеміздегі қазақ халқының этнографиялық ескерткіштері жөнінде мағлұмат берді. «Шуақты шаңырақ» жобасының қатысушылары саяхатты аудандық тарихи - өлкетану мұражайынан бастап, Көне Тараз кереметтерін тамашалады. Орта ғасыр дәуірінен бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгісінің бірі - Қарахан кесенесі мен Дәулет баба кесенесіне, ортағасырлық сәулет өнерінің інжу - маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрып, әлемдегі көне заман ескерткіштері секілді, ертедегі тарихи мұралардың бірі - Тектұмас әулие басына барды. Келесі кезекте Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану музейіндегі көптеген көне бұйымдарды көзбен көріп, ақпараттар алды.
Шара барысында «Мәдени мұра - халық игілігі» тақырыбында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар Г.С.Жұмабекова,Ғ.А.Базарбаеваның«Есік» фотоальбомы, К.Байпаков, К.Байбосынов«Көне Тараздың қазынасы» фотоальбом, К.Байпаков «Выдающиеся археологических памятники Казахстана», «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналары», «Тараз - өркениет өрімдерінің куәгері», «Қарахан баба мен Айша бибі»атты жинақтар, «Жамбыл мұражайы», М.Елеуов, Қ.Дәуренбеков, С.Қалиев «Жамбыл облысының туристік бағыттары», «Әулие ата - Қарахан, Айша бибі - Тектұрмас», «Мавзолей Карахана и Айша - биби», Ж.Дәдебаев «Талас аңыздары» атты кітапшалар таныстырылды.
Нәтижесінде: Зейнеткерлер тарихи саяхаттан көптеген мағлұматтар алып, көңілдері көтеріңкі болды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/428-kieli-zherler-ajma-ty-altyn-m-rasy-tarikhi-sayakhat.html#sigFreeIdaa6128924f