Ұлттық кітап күніне орай, «Әулиеата - оқитын өңір» облыстық жобасы аясында «Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» тақырыбында кітап керуені аудандық өлкетану байқауына Айшабибі, Қаратау, Ш.Ниязбеков кітапханаларының бірігіп ұйымдастыруымен Айшабибі мәдениет үйінде «Дарынды өскен,даңқты өлкем» тарихи танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Әрбір адам үшін туған жері - алтын бесігі. Туған өлкені тану, оның тарихына, табиғатына, мәденитіне терең үңілу - ұлтжанды, саналы азамат тәрбиелеудің бір жолы. Өз өлкесін таныған адам - тамырын таныған ағаштай. Өлкенің табиғатын қорғау, тарихи ескерткіштерді сақтау, ұлттық құндылықтарын ұлықтау - азаматтың борышы. Сонымен қатар, туған өлкеден шыққан ұлы тұлғаларды құрметттеу де - елге, жерге деген сүйіспеншілігін артыру.
Кеш қонақтары: мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ - нің директоры Аида Қалисаева, ардагер журналист Сансызбай Махамбетқұлов.
Іс - шара биылғы 2025 жылғы «Бір ел - бір кітап» атты акциясы бойынша Жұмекен Нәжімедин мен Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен «Тарихымен табысқан Тараз», жергілікті ақын - жазушылардың ішінен шыққан жазушы Сұлукүл Қошанқызының «Тоғысқан тағдырлар» кітабымен таныстырды. Ауданымыздан шыққан ақын жазушыларымыздың Ү.Битенова, Ш.Мамасерікова, Қ.Нарбатыр, С.Әлімқұловтың кітаптары мен «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында Ілияс Есенберлин, Қадір Мырза Әлидің жинақтары, көрмеде Шәкен Ниязбековтың волга автокөлік дизайныны қойылып, фото галереясында тудың дизайны бекітілгеннен кейінгі фото суреттері, Мемлекеттік туымыздың схемасы, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Ш.Ниязбековты 70 жасқа толған кездегі құттықтау громатасы және осы ауылдан шыққан тау тұлға Әзімбек Ысмайылұлының Социалистік Еңбек ері медалін алып жатқан сәттегі суреті, БАҚ беттеріне шыққан суреттері қойылды. Көрме жалғасы «Ұлы Отан соғына 80 жыл» толуына орай солдат киімі, соғыстың қару - жарақтары мен гранаттардың маникені, сондай - ақ, соғыста пайдаланған басқа да заттары және Бауыржан Момышұлының алтын сафа әріптерімен жазылған кітаптары қойылған және қолөнер үйірмесі жұмыстары алаша тоқу, көрпеше тігу, ағаш ұстасының өз қолымен жасаған ыдыс - аяқтары, қазақтын ұлттық нақышында жасалған бұйымдар.
Іс - шарамыз «Балауса» би тобынын «Қазақ» биімен ашылып, Айшабибі кесенесінің тарихы, киелі жер - Әулиебастау қалашығының, Айшабибі ауылының тарихы, Қаратау ауылының Ш.Ниязбеков ауылының бейне көрсетілімі ұсынылып, Қаратау өңірінің тумасы Ілияс Ысқақов өзі өскен ауылдың өткен тарихын, тұрмыс - тіршілігін, сол ауылдан шыққан зиялы тұлғалармен таныстыру мақсатында бейне материал көрсетілді. Кеш ажарын «Тәуелсіздік бабалар даусы, ерлік пен тәуелсіздік жолында» көрінісі, Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай бейне материалға шолу жасап, Әзімбек Ысмайылұлы орта мектебінің Әдемі Нүркенқызы, Дана Төлеген, Асылай Аманәлі оқушылары өлең шумақтарын арнады. Ш.Ниязбеков ауылы Сезім Өктембай «Алға Қазақстан» әнін орындады. Кеш «Аққауырсын» поэзия қызығушылық клубының мүшесі Айшабибі ауылының тұрғыны зейнеткер,жазушы Сұлукүл Қошанқызы бейне материалын «Тоғысқан тағдырлар» кітабын оқырмандарына жете түсіндірді. Жас ақын Мерей Жұмабек пен жас айтыскер Мирас Жамалбек арнау арнаса, Нұрдәулет Момынов, Айбек Оралбай,Нұрбек Оралбай, Асыл Елдос, Саян Темірбек, Ерасыл Темірбек бейне ролик және Айшабибі ауылының мақтанышына айналған жас спортшы Аяулым Әуелбай Мәскеу қаласында өткен «Каратэ спорттық жарысынан» Әлем чемпионы болған сәттеріне бейне көрсетілім ұсынды. Кеш соңы «Туған өлке» әнімен аяқтады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/431-lke-di-tany-t-l-a-dy-rmette-audandy-kitap-kerueni-baj-auy-daryndy-sken-da-ty-lkem-tarikhi-tanymdy-kesh.html#sigFreeId53fadeb471