Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» атты аудандық кітап керуені байқауы «Өз өлкеңді тани біл!» танымдық кеш

11.04.2025 жылы Ұлттық кітап күніне орай «Әулиеата - оқитын өңір» облыстық жобасы аясында «Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» тақырыбында кітап керуені аудандық өлкетану байқауына Өрнек, Жұма, Тоғызтарау, Ерназар ауылдық кітапханаларының бірігіп ұйымдастыруымен Өрнек ауылдық мәдениет үйінде «Өз өлкеңді тани біл!» тарихи танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кеш қонақтары мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ - нің директоры Аида Қалисаева мен ардагер журналист Сансызбай Махамбетқұлов және кітапханашылар қатысты. 
Өрнек ауылының тұрғыны Өлкетанушы, ұстаз, қаламгер, тарихшы Әмірхан Мырзаевқа «Өнер иесі» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге «Ер қатпа», «Шымыр ата» кітаптары қойылып және газетке шыққан материалдары қойылды.Құрмет белгісінің иегері және Жамбыл облысының құрметті ардагері Алтынбекова Фатимаға арнап «Ауыл мақтанышы» атты көрме безендіріліп суреттері граматалары қойылды.
Шара аясында «Балауса» би тобының биімен ашылып, өлкеден шыққан ұлағатты ұстаздар, қаламгер тарихшылар туралы бейне роликтер көрсетіліп, «Ай мен Айша» романынан «Жілігімді шағайын» сахналық қойылымын тамашалады. Сонымен қатар Өрнек ауылының әжелерінің орындауындағы «Бейбіт күн тілегі» әнін орындаса, Ерназар ауылының тұрғыны Айдапкелов Өмірзақ ауыл тарихын таныстырып бейне көрсетілім ұсынылды. Ерназар ауылының тұрғыны ардагерлер кеңесінің төрағасы ақын сазгер ардагер ұстаз Үрстембеков Төлепберген «Ұлы Жеңіске - 80 жыл» арнауын орындады.Кітапханашылар «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін орындаса Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің білім алушылары көрініс қойды. Кеш соңын Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің білім алушысы «Қазақстан Отаным» әнімен аяқтады.