Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» аудандық кітап керуені «Өлке тарихы ұлт жадының айнасы» атты библио калейдоскоп өтті

Ұлттық кітап күніне орай, «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» аудандық кітап керуені Қаракемер Құмтиын, Бірлесу еңбек, Шоқай ауылдық кітапханаларының бірлесе ұйымдастыруымен «Өлке тарихы ұлт жадының айнасы» библио калейдоскоп өтті.
Аудандық кітап керуенімен ауылдық кітапханалар қоры жаңа кітаптармен толықты.
Кең көлемді кітап көрмесіне өлкетану әдебиеттері қойылып, ауылдан шыққан танымал тұлғалар, Еңбек ерлері туралы мағлұмат беретін кітаптар, библиографиялық құралдар, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына креативті көрмеге қойылған мұрағаттық құжаттар, төсбелгілер, медальдар фото суреттер таныстырылды. Сонымен қатар, ән мен биден шашу шашылып, көрермендер ерекше әсерге бөленді.
Іс - шарада ауыл ақсақалдары өлкенің тарихы мен тұлғалары туралы сыр шертті. 
Туған өлкенің тарихын, әдебиетін, мәдениетін, танымал тұлғаларын танытуда іс - шарада арнау өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалды.