23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай «Кітап әлемі - ғажап әлем» biblio arbat кең көлемде атап өтті. Іс - шара Тараз қаласындағы Қайрат Рұсқұлбеков саябағында өтті. Іс - шара барысы биылғы жылғы атаулы күндерге және өз өлкеміздің гүлденуіне үлестерін қосқан қоғам қайраткерлері, өлкенің тарихын білуге шақыратын кітап көрмелері қойылып, және сала бойынша әдебиеттерге ашық қараулар, ертегі кейіпкерлері мен түрлі ойындар ұйымдастырылды.
Қонақтар: Жамбыл аудандық “Ардагерлер ұйымы”, Ауданымыздың құрметті азаматы Сапарбеков Алтынхан, Исаев Дәнешбек, Сансызбай Бертайұлы, Әуелбаев Әлдибай, Нурашев Мұрат, «Астана» колледжі, Ш.Уалиханов атындағы әмбебебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары және қала қонақтары, «Шұғылы - Радуга» газеті редакциясы қызметкері. Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері жалпы барлығы 150 (оқырман қатысты).
Іс шара барысында «Кітапхана гимні» кітапхана қызметкерлерінің орындауында флешмоб бимен ашылды. Абай Құнанбайұлының Абай - 180 жылдығына орай «Бала Абай» сахналық қойылымы қойылды, Шайдана, Ащыбұлақ ауылдық кітапхана қызметкелерінің орындауында «Елге сәлем» әні орындалды, «Цвети, привольный мой Казахстан!» әні «Русская красавица» тобы орындады. Кеш Жамбыл ауданынан шыққан жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқырмандардың оқумен жалғасын тапты, «Бір ел болса» әнін кітапхана оқырманы Төленді Жалғас орындаса, Бірлесу Еңбек ауылдық «Ақ кербез» би тобы «Ер тұран», «Шашу» билерін орындады, кітапханашылар М.Мақатаевтың «Сәби Ана» монологы, Құмтиын ауылдық кітапханашысы Э.Мамбеталиеваның «Кітапхана гимні» әні, С.Әміржанова «Мерекем» әнімен көрермен көңілін көтеріп ән салды. Кеш соңында Төленді Жалғас «Мен Қазақтың ұлымын» әнімен қорытындылады.
Мақсаты: Кітап - сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/437-kitap-lemi-azhap-lem-biblio-arbat.html#sigFreeId6d2d36dc64