Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

"Кітап - сарқылмас рухани қазына" библио круиз

23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай Ардагерлер аллеясында "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты библио круиз кең көлемде өтті. Іс - шара барысында биылғы жылғы атаулы күндерге және өз өлкеміздің гүлденуіне үлестерін қосқан қоғам қайраткерлері, өлкенің тарихын білуге шақыратын кітап көрмелері қойылып, және сала бойынша әдебиеттерге ашық қараулар мен түрлі ойындар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап - сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Іс - шарада аудандық ақсақалдар кеңесі, жергілікті қаламгерлер Байтанағали Төлентаев, Болат Жаппаров, Бақытжан Советұлы, Сансызбай Бертайұлы, Әуелбаев Әлдибай, Төлеген Байсүгіров, Нұржан Әліш, Айтмұханбет Исақов, Әсел Назаралы, Ұлттық кітап күнімен құттықтады. 
Сөз соңында жергілікті ақын Әсел Назаралының шәкірті Досым Абай «Кітапханашы» арнауын арнады.
«Аманат» партиясы қызметкерлері, «Шұғылы - Радуга» газеті редакциясы, және Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының білім алушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары, аудандық білім бөлімінің мектеп кітапханашылары, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысып отырды.
Іс шара «Кітапхана гимні» кітапхана қызметкерлерінің орындауында флешмоб бимен ашылды. «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы ұйымдастырған республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында жеңімпаз атанған оқырмандарды және Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Кітап - ұлттық құндылық» атты республикалық кітап фестивалінде «Оқуға құштар оқырман» оқу марафонының «Үздік оқырман - 2025» номинациясын аудандық орталық кітапхана оқырманы Күлдана Еркееваны Жамбыл аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыру бөлімінің басшысы Жансая Оспанова мен кітапхана директоры Аида Қалисаева марапаттарын тапсырды.
Сонымен қатар, «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Өлкеңді таны,тұлғаңды құрметте!» кітап керуенімен өлкетану байқауы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 9 сәуір - 23 сәуір аралығында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І - орын Гродеково, Гродеково балалар, Бесағаш, Қызылқайнар, Жасөркен ауылдық кітапханалары, ІІ - орын Тастөбе, Шайдана, Ащыбұлақ, Еңбек және Қаракемер, Құмтиын, Бірлесу - Еңбек, Шоқай ауылдық кітапханалары, ІІІ - орын Айшабибі, Қаратау, Ш.Ниязбеков және Өрнек, Жұма, Тоғызтарау, Ерназар ауылдық кітапханаларын Алғыс хатпен марапаттап, жүлделі сыйлықтар табыстады.
Іс - шара барысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Бала Абай» сахналық қойылымын тамашалады, Шайдана, Ащыбұлақ ауылдық кітапхана қызметкелерінің орындауында «Елге сәлем» әні, Төленді Жалғас «Бір ел болса» әнін орындап көпшілік көңілінен шықты. Аруназ би тобының орындауында «Шашу» биін мың бұрала билесе, Советбек Шырын «Ұйғыр» биін нақышына келтіре биледі. Кітапханашылар М.Мақатаевтың «Сәби ана» монологы, кітапхана қызметкерлері «Катюша» әнін шырқаса, С.Әміржанова «Мерекем» әнімен қорытындылады.