Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған- Ұлы Жеңіс» тақырыбында аудандық
жыр - мүшәйрасы өтті.
Мүшәйраның мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, батыр ердің ерен ерліктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын Ұлы Жеңістің қадірін поэзия құдіреті арқылы қалың жұртшылыққа паш ету.
Мүшәйра кітапханашы Әміржанова Сандуғаштың орындауында «Елге сәлем» әнімен ашылды. Байқауды кітапхана қызметкерлері Қ.Асхатаева мен А.Құрымбаева жүргізіп, «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» кіріспе сөзбен бастап, кешке төрелік жасаған әділқазылар: ҚР Журналистер Одағының мүшесі, қоғам белсендісі Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Әліш Нұржан Науатбекұлы, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Абдіғапарова Дариға Мұқанқызы көпшілікке таныстырылды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңі 1-25 аралығында «Ұрпаққа ұран болған- Ұлы Жеңіс» аудандық онлайн жыр-мүшәйрасы өтіп, үміткердің шығармасы «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» тақырыпта қабылданған болатын. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктеді және 1.04.-25.04. аралығында әлеуметтік желіге жариялап отырды.
Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы 10 үміткер өзара додоға түсіп, өнерлерін көрсетті.
Аудандық «Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» мүшәйрасы өз деңгейінде өтіп, әділ- қазылардың әділдігімен қорытындыланды. Әділ қазылардың шешімімен мүшәйраның жеңімпазы және жүлдегерлер 14-16 және 17-35 жас аралығындағы екі номинация бойынша дипломдармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Бас жүлде Досым Абай (Шайдана ауылдық кітапханасы)
І орынды - Жамалбек Мерей (Айша бибі ауылдық кітапханасы)
І орын - Абдигаппарова Ғалия ( аудандық орталық кітапхана) жеңіп алса,
ІІ орын - Садубай Маржан (Ащыбұлақ ауылдық кітапханасы) қанжығасына байласа
ІІІ орын - Жарқынбек Айару (аудандық орталық кітапхана) иеленді.
Ынталандыру сыйлығын Жұмағұл Арайлым, Жамбылбек Тоғжан, Жамалбек Мирас Ерлан Ернар, Шаяхмет Жұлдызай өзара бөлісті.
Жеңімпаздар Дипломдар мен жүлделі сыйлықтармен, ал қалған үміткерлер мен жетекшілік еткен кітапханашылар Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқауда Шайдана ауылдық кітапханашысы Байболова Гүлмираның орындауында «Әлия», кітапханашылардың орындауында «Катюша» әндері шырқалды. Іс-шараға «Батырлар рухына тағзым» атты кітап көрмесіне аудандық орталық кітапхананың библиографы Мамашариева Ақерке таныстырып, шолу жасады. Сондай-ақ, «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/439-rpa-a-ran-bol-an-ly-zhe-is-ta-yrybynda-audandy-zhyr-m-sh-jrasy.html#sigFreeId40d9140de4