Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Әдебиет қаламгерлері» тақырыбында интеллектуалдық сайыс

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана лидері» жобасы аясында «Әдебиет қаламгерлері» тақырыбында интеллектуалдық сайыс «Жастар ресурстық» орталығының жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың қатысуымен өтті.

Мақсаты: Жастарды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері: АБЖК меңгерушісі Ш.Төлепбергенова, Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Г.Сүлейменова,  Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Елібай Алма Ержанқызы және сайыста бақ сынайтын үміткерлер: Искакова Әсем, Қажыгалиева Балнұр, Керимжанова Нұржамал, Садыкова Мөлдірді таныстырды. 2025 жылғы мерейлі әдебиет қаламгерлері: Шоқан Уәлиханов, Сапарғали Бегалин, Сәбит Мұқанов, Жұбан Молдағаливтер туралы қысқаша мәлімет берді.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды.

I – «Бәйге»

ІІ – «Жеті жұмбақ»

IIІ – «Жорға»

IV – «Дода»

«Бәйге» кезеңі бойынша «Ғажайап дөңгелекті» айналдырып, тоқтаған кезде Ш.Уәлихановтың өмірбаянына қатысты сұраққа жауап берді. Әр сайыскерге үш сұрақтан қойылды. Бұл кезеңде қатысушылар бірдей ұпай санына ие болды.

«Жеті жұмбақ» сайысында барлық сайыскерлер жеті логикалық есепке қатысты сұрақ бойынша жарысқа түсіп, Керимжанова Нұржамал «Бәйге» кезеңінің ұпай санын қоса есептегенде ұпайы аз болып, үшінге кезеңге өте алмады.

«Жорға»кезеңі бойынша  ұяшықты таңдай отырып, сұраққа жауап берді. Әр қатысушыға ақынның шығармасына байланысты бес сұрақтан қойылды. Ең төменгі ұпай жинаған Садыкова Мөлдір ойыннан шығып қалды.

«Дода» кезеңінде  Ш.Уәлиханов, С.Бегалин, С.Мұқанов, Ж.Молдағаливтердің өмірі, шығармаларына байланысты жеті сұрақтан беріліп, Искакова Әсем мен Қажыгалиева Балнұр додаға түсті. Көп ұпай жинаған қатысушы Қажыгалиева Балнұр алға шықты.

Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ұпайын есептеп, жариялап, жылдамдық пен білімділігін көрсеткен Қажыгалиева Балнұр жеңімпаз атанды. Жеңімпазға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру  сыйлықтары тапсырылды.

Нәтижесінде 18 адам қатысып, 3 жаңа оқырман тіркелді