Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ауылым – алтын тұғырым» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Еңбек - елдің мұраты» жобасы аясында «Ауылым – алтын тұғырым» тақырыбында  кәсіпкерлермен кездесу кеші Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының білім алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: жастарға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасауға үйрету,кәсіптік бағыт-бағдар беру, рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, шыншылдыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Кешті оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева «Кәсіпкерлік теориясының дамуы» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, кеш қонақтарын таныстырды. Кеш қонақтары: Ауданымыздың кәсіпкерлері Рахымбаева Динара Талғатқызы, Каналиева Айсулу Юсупбаевна.

Тағылымы мол кеште  «Бизнесті неден бастау керек?» тақырыбы бойынша    кеш қонақтарына  сұрақтар  қойылып,  жеке істі қалай ашуға болады? немен айналысу керек?,бизнесті неден бастау керек?,мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қалай қолдап жатыр?,бизнес-жоспар не үшін қажет және т.б.сауалдармен жалғасып,кеш қонақтары сұрақтарға жауап бере отырып,  көпшілікпен  ой бөлісіп, айналысып отырған кәсіптің бастамалары жайлы айтып, дөңгелетіп отырған кәсіптерін тілге тиек етіп, қанша еңбекті талап ететіні сөз болып, ауылды көтеруге жастарды шақырды.