Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Ел үшін туған ерлер» атты облыстық байқауы аясында Тараз қаласы «Жеңіс» саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырлар рухына тағзым» атты тақырыптық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты - Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оқырмандарды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан жамбылдық батырлардың ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, Жамбыл ауданының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеу.
Іс-шара бейбіт өмір көрінісімен ашылды. Шара барысында майдан мен тыл көріністерді көркем қойылыммен сахыналады. Сонымен қатар Әбу Сәрсенбаевтың «Үстімде сұр шинелім» өлеңін кітапхана оқырманы Бақкелді Жаңабай нақышына келтіре орындады.Кеш барысында «Әлия», «Көк орамал», «Катюша» әндері шырқалып, би биленіп көрермендерді өткен күндерге жетеледі. Жастар майдан хаттарынан үзінділер оқып жүректерге терең әсер қалдырды. Іс- шара «Жеңіс» әнімен және мерекелік от шашумен қорытындыланды.
Кеш аясында арнай кітап көрмесіне соғыс ардагерінің әскери киімі мен жеке құжаттары, сирек суреттері қойылды. Арнайы экспозициялық бұрышта қойылған бұл мұрағаттық заттар – көпшілікке өткен ғасырдың қаһарлы кезеңін сезінуге жол ашты. Келушілер ерлік пен өрілген тарипен жақын танысып, сарғайған жауынгерлік кітапша, фотосуреттер көрмені деректі кино лентасындай шынайы әсерге бөлеп тұрды. Іс-шараның тағы бір мазмұнды бөлігі – кітап инсталяциясы мен фото көрмелер болды. Арнайы көрмелерде тарихи еңбектер, мемуарлар, фотосуреттер мен деректі басылымдар көпшілікке ұсынылды. Қала тұрғындары батырлар туралы терең мағлұмат алды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/443-batyrlar-rukhyna-ta-zym-ta-yrypty-kesh.html#sigFreeId78f032611e