Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күні «Қазағымның қазынасы - Домбыра» атты тақырыпты кеш ауыл тұрғындары арасында өтті.
Мақсаты: Жастардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Іс - шара барысында оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева домбыраның тарихын айтып, көпшілікке танымал қазақ орындаушыларын атап, домбыраның аңызына тоқталып өтті. Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің ұстаздары Малдыбаев Рүстем мен Жақсыбек Ерқанаттың орындауында Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Құрманғазының «Адай» атты күйлерін тебіренте орындап көпшіліктің көңілінен шықты.
Кешке арнайы жасақталған «Домбыра – шертпелі аспап» кітап көрмесіне шолу жасалды.