Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Абай - дара, Абай - дана қазақта!» аудандық мәнерлеп оқу байқауы

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында 18- 35 жас аралығында «Абай- дара, Абай- дана қазақта!» аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Мақсаты: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

Байқау шымылдығы кітапханашылардың қатысуымен «Бала Абай» сахналық қойылымымен ашылды. Кітапхана қызметкерлері Г.Сулейменова мен Н.Манабаева іс- шараны жүргізіп отырып, байқау қатысушыларын сахна төріне шақырып таныстырып өтті.

Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы: ҚР Журналистер Одағының мүшесі, қаламгер, ауданымыздың Құрметті азаматы Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы, Жамбыл ауданы Білім бөлімінің әдіскері Бақытжанова Айгүл Бақытжанқызы, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Абдіғапарова Дариға Мұқанқызы.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

І-кезең «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы».Бұл кезеңде Абай Құнанбайұлының кез- келген өлеңін мәнерлеп жатқа оқу (регламент 3мин)

ІІ-кезең «Көңілім әнді ұғады» -Абайдың әндерін орындау немесе сахналық қойылым қою.(3мин)

ІІІІ-кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру (әр қатысушыға екі сұрақтан берілді)

Іс- шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншісі Таласбаев Нұрлыбектің орындауында Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» әнін, Шайдана ауылдық кітапханасы кітапханашысы Г.Байболова «Атамекен» және «Қазақ елі» әндерін нақышына келтіре орындады. «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін аудандық орталық кітапхананың библиографы Мамашариева Ақерке таныстырып, шолу жасады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде- Тұрсынба Ризабек (Қаратау ауылдық кітапханасының оқырманы), І орынды - Құрманов Нұрлыбек (Аудандық орталық кітапхананың оқырманы) жеңіп алса, ІІ орын – Ахылбек Асылай (Шоқай ауылдық кітапханасының оқырманы) қанжығасына байлады. Ал, ІІІ орынды Әбдіғапарова Ғалия ( Аудандық орталық кітапхананың оқырманы) мен Ешенқұл Мадина (Айшабибі ауылдық кітапханасының оқырманы) иеленді. Ынталандыру сыйлығын Умирбаева Жарқын (Қаракемер ауылдық кітапханасының оқырманы), Мамыталы Меруерт (Бірлесу- Еңбек ауылдық кітапханасының оқырманы) және Ермек Мерей (Жұма ауылдық кітапханасы) алды. Байқау жеңімпаздары арнайы Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.