Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Аса ауылында мәдени-демалыс кешені ашылды

25 қазан – Республика күніне орай Аса ауылында жаңа Мәдени-демалыс кешені ашылды. Барлық нысандар аудандық бюджет есебінен салынды.
Кешенде орталық кітапхана, мемлекеттік архив және балалар-жасөспірімдер орталығы орналасқан.
Жаңа кітапханада оқу және электронды залдар, конференц-зал мен зағип жандарға арналған арнайы кабинет бар. Архив заманауи құралдармен жабдықталған екі қабатты ғимаратқа көшті;
Ал балалар орталығында 150 балаға арналған түрлі үйірмелер мен сабақ кабинеттері жұмыс істейді.
Сондай-ақ тұрғындарға арналған саябақ, футбол, волейбол және баскетбол алаңшалары салынды.
Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев,  аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, қоғам өкілдері мен тұрғындар қатысып, жаңа нысанның ашылуын қуанышпен қарсы алды.