Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Жырау мұрасы» тақырыбында поэзиялық кеш

«Кітап оқу» жылына орай «Жас қаламгерлер» жобасы аясында Ақын жазушы, батыр жауынгер Шалкиіз - жырау Тіленшіұлының туғанына 560 жыл толуына орай «Жырау мұрасы» тақырыбында поэзиялық кеш

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқу» жылына орай «Жас қаламгерлер» жобасы аясында Ақын жазушы, батыр жауынгер Шалкиіз -жырау Тіленшіұлының туғанына 560 жыл толуына орай «Жырау мұрасы» тақырыбында поэзиялық кеш жас ақындар арасында өтті.

Мақсаты: Қазақ жыраулық дестүрінің көрнекті өкілі Шалкиіз Тіленшіұлының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру. жастардың рухани танымын кеңейту, жыраудың философиялық ойларын түсіндіру. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу.

Іс- шара барысында кітапханашы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, «Жас қаламгер» жобасының мақсаты мен міндеттерін таныстырып, «Шалкиіз жырау мұрасы» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Сонымен қатар жас ақындар Шалкиіз жыраудың өлеңдерін нақыныша келтіріп оқып берді. Кешке арнайы ұйымдастырлған «Шалкиіз жырау – жыр мұрасы» . ашық қарауға библиографиялық шолу жасалды, « XV ғасырдағы жыраулық дәстүр және Шалкиіз тұлғасы» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Кеш соңында №1 орта мктептің тәлімгері Берденова Ақбота Болатқыз іс-шараны қорытындылады

Нәтижесінде: Жыраудың өмірдерегі мен шығармалары көпшілікке насихатталды. Іс-шараға 24 адам қамтылды.