«Жас қаламгерлер жобасы аясында» Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Халық қаһарманы Б.Момышұлы - туғанына 115 жыл толуына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім Бауыржан Момышұлы» тақырыбында экскурсия
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жас қаламгерлер жобасы аясында» Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Халық қаһарманы Б.Момышұлы - туғанына 115 жыл толуына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім Бауыржан Момышұлы» тақырыбында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясында экскурсия № 1 тірек мектеп – гимназия оқушылардың қатысуымен өтті.
Мақсаты: Аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірінен мағлұмат бере отырып, Отан үшін отқа түсетін, егемен еліміздің ертеңі болатын ұрпаққа елжандылық тәрбие беру. Экскурсия жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, Бауыржан Момышұлының асыл мұрасын кеңінен насихаттау, оның батырлық бейнесін халық жадында мәңгілікке қалдыру.
Экскурсияны Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі қазақ тілі және әдебиет пәннің мұғалімі Биланқызы Гүлнұр оқушыларға батырдың өмір жолын, Ұлы Отан соғысындағы ерлігін жан-жақты әңгімелеп береді. Әр залдағы жәдігерлерге тоқталып, олардың тарихи маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының батырлық тұлғасын дәріптейтін деректі фильмдер көрсетіліп, әдеби шығармалары жөнінде мағлұмат беріледі. Кеш соңында Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева «Ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы» тақырыбындағы кітап көрмесін жазушының шығармаларын көпшілікке таныстырып библиографиялық шолу жасады. Іс- шараға 21 адам қамтылды.



















