Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Денсаулық – өмір негізі» ауыл тұрғындарының қатысуымен тренинг

Аудандық орталық кітапхана мен аудандық аурухана бірлесе «Шуақты шаңырақ» жоба аясында «Денсаулық – өмір негізі» тақырыбында егде жастағы тұлғалар мен ауыл тұрғындарының қатысуымен тренинг ұйымдастырылды.

Тренингті «Шуақты шаңырақ» жобасының жетекшісі кітапханашы Құралай Асхатаева кіріспе сөзбен ашып, «Салауатты өмір салты- денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама жасап, кеш қонақтарын таныстырды. Жаттығу жасатуға арнайы мамандар жұмылдырылды.

Кеш қонақтары: Аудандық емхананың терапевт - дәрігері Кеңесбаева Гаухар Ержанқызы, «Ауруларды басқару бағдарламасының» мейірбикесі Жанысбай Айгерім Қадірбекқызы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің» мейірбикесі Абзалбекова Айгүл Мейрамбекқызы қатысты.