Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана лидері» жобасы аясында «Ой мен ойын» тақырыбында интеллектуалдық сайыс №1тірек мектеп-лицейінің жас мамандарының қатысуымен өтті.
Жобаның мақсаты: жастарды кітап оқуға тарту арқылы тұлғалық танымын және білім деңгейін көтеру, кітапхананың лидер оқырмандарын тауып, оларды марапаттап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері: Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Г. Сүлейменова, АОК библиографы М. Құлшынбаева АБЖК кітапханашысы Ш. Қарғабаева, және сайыста бақ сынайтын үміткерлер: Төкенова Ақерке, Абыл Жалғас, Қосдәулет Ақару, Джолдыбекова Аиданы таныстырды.
Сайыс төрт бөлімнен тұрды.
I – «Бәйге»
ІІ – «Жорға»
IIІ – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
IV – «Дода»
«Бәйге» кезеңі бойынша қатысушыларға логикалық сұрақтар қойылып, әр дұрыс жауап үш ұпай санымен есептелді.
«Жорға» кезеңі бойынша әр қатысушыға «Ғажайап дөңгелекті» айналдыру арқылы үш сұрақтан берілді, аз ұпай жинаған Аида келесі кезеңге өте алмады.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанада» кезеңі бойынша ұяшықты таңдай отырып, сұраққа жауап берді. Әр қатысушыға ұлы ақын Абай Құнанбаұлының 180 жылдығына арналды. Ақынның өмірі мен шығармасына байланысты үш сұрақтан қойылды. Ең төменгі ұпай жинаған Абыл Жалғас ойыннан шығып қалды.
«Дода» кезеңінде «Қазақстандықтар» сөзінен бірнеше сөз құрау керек болатын. Төкенова Ақерке мен Қосдәулет Ақару додаға түсті. Көп ұпай жинаған қатысушы Ақерке алға шықты.
Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ұпайын есептеп, жариялап, жылдамдық пен білімділігін көрсеткен Төкенова Ақерке жеңімпаз атанды. Жеңімпазға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.
Нәтижесінд: 23 адам қатысып, 2 жаңа оқырман тіркелді
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/458-kitapkhana-lideri-zhobasy-ayasynda-oj-men-ojyn-intellektualdy-sajys.html#sigFreeIdadb4478072



















