Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен 13 қараша Халықаралық Зағиптар күніне орай «Жанарым менің жүрегім» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Зағип жандардың басын біріктіріп, оларды шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай іс-шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау.
Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалисаева Аида Қуанышқызының құттықтау сөзімен кеш шымылдығы ашылды. Кешті жүргізген кітапханашы Айгерім Уркумбаева зағип жандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Кітапхананың белсенді оқырманы Амангелді Р «Қазақ» биін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аудандық мәдениет үйінің «Салбұрын» триосының орындауында «Анаға сағыныш» «Попурри» әндері кештің шырайын кіргізсе, Амантай А. «Испан» биімен шашу шашты.
Кеш барысында Жамбыл ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Жандар Тоқсаба қонақтарды құттықтап, сый-сияпат тапсырды.
Сонымен қатар, келушілер «Тәтті викторина», «Мақалды жалғастыр!» ойындарына белсене қатысты.
Кешке келген тұрақты оқырманы Үкіжанова Күляш апа жиналған қонақтарды мерекелерімен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Кеш соңында мерекеге орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің атынан жиналған қауымға бағалы сыйлықтар табысталды.
Нәтижесінде: 45 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/459-zhanarym-meni-zh-regim-atty-merekelik-kesh.html#sigFreeIda4d3c05140



















