Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Өркениет өрісіндегі өңір руханияты» атты кездесу

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Кітапхана – білім мен парасат ордасы» атты ашық есік күні өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова, Аса ауылдық округ әкімі Талғат Бөлекбаев, аудандық мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаева, тарихи-өлкетану музейінің директоры Асқар Сырлыбаев, аудандық мұрағат директоры Келсінай Күлекеева, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі Батырбек Саршаев және ақын Байтанағали Төлентаев, журналист-жазушы, ауданның Құрметті азаматы Сансызбай Махамбетқұлов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуаныш Ауғанбаев, жазушы Нұржан Әліш, қаламгерлер Қайрат Отарбаев пен Сембек Пірімқұлов, айтыскер ақын Айтмұхамбет Исақов пен жас ақын Әсел Назаралы қатысты. Ашық есік күнінде кітапхананың әр бөлімі бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева оқырмандар мен қонақтарға ақпарат көздерін пайдалану жолдары таныстырды.
Іс-шараның басты мақсаты – кітапхана қызметін, жаңа әдебиеттер қорын таныстыру, оқырманмен байланыс пен кітап оқу мәдениетін дамыту.

Ашық есік күні «Өркениет өрісіндегі өңір руханияты» атты кездесуге ұласты. Еркін форматта ұйымдастырылған басқосуға қатысушылар өз ой пікірілерін ортаға салып, сұхбат құрды. Көпшілік ұсыныстарын да жеткізіп, іс-шара соңында аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы Бауыржан Момышұлының «Мен – халқымның ұлымын» атты кітабын кітапханаға сыйға тартты. Шарада қаламгерлер кітапхана қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, оның рухани кеңістікті қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Кештің көркін Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Асқар Байдалиев қазақтың ұлттық мұрасы домбыраны кітапханаға сыйға тартып, жас буынды ұлттық өнерге баулу ісіне қызмет ететін арнаулы аманат ретінде табыстап, кітапхана төрінен орын алды.