Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

"Кітапхана ісінің дамуы және қазіргі заманғы бағыттары" «Plickers» әдісі арқылы қызықты семинар - практикум

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ауылдық кітапханашылар арасында "Кітапхана ісінің дамуы және қазіргі заманғы бағыттары" «Plickers» әдісі арқылы қызықты семинар - практикум ойыны өтті.

Мақсаты: Кітапханашылардың интернет-кеңістікте ақпарат іздеу, дереккөздерді бағалау, электрондық ресурстарды тиімді қолдану дағдыларын тексеру. Жылдам ойлау, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

Кітапхананың электронды залында библиограф - Ақерке Мамашариева кітапханашылардың кәсіби құзыретін арттыру мақсатында «Plickers» интерактивті сұрақ-жауап әдісін қолданды. «Plickers» – смартфонсыз бағалау және кері байланыс алуға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құрал. Қатысушыларға арнайы QR-код қағаздары таратылып, жүргізуші экран арқылы сұрақтарды көрсетіп отырды. Кітапханашылар жауаптарын картаны көтеру арқылы белгілеп, нәтижелері бірден көрініп отырды.

Кеш соңында «Plickers» әдісінің тиімділігін сезініп, оның кітапханадағы тренинг, шолу сабақтары мен оқырмандарға арналған іс-шараларда қолдануға болатынын атап өтті. Интерактивті формат кітапханашылардың белсенділігін арттырып, семинардың мазмұнын жандандыра түсті.

Нәтижесінде: 22 адам қамтылды.