Жамбыл аудандық орталық кітапханада «Кітапхана - ақыл мен парасат ордасы» тақырыбында ашық есік күніне орай аудандық балалар мен жасөспірімдер бөлімі «Кітаппен бірге жарқын әлемге» әдеби аялдамасын ұйымдастырды.
Мақсаты: Кітапханаға оқырмандар тарту, балалардың қиялын дамыту, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту.
Оқырмандар кітап патшалығына саяхат жасау үшін жүрдек пойызы ойыны ойнатылды. Ойын барысында әр аялдамада балалардың ойлау қабілеттері мен есте сақтау қасиеттерін тексеру үшін тапсырмалар берілген.
1 - ші "Мың бір мақал" аялдамасында балалар суреттер арқылы мақалдар құрастырып белсенділік танытты. "Жұмбақты мекен" аялдамасында түрлі жұмбақтар шешіп жарысса, 3 - ші және 4 ші аялдамаларда "Жұлдызды сәт", "Мен оқыған бір ертегі" сұрақтарына жауап беріп, сыйлықтар алып отырды. Ойын барысында түрлі аңыз - ертегілердің кейіпкерлерін таныстырып, ертегілерді оқу барысында қызықты әсер алған жерлерін айтып мәз болысты. Балалар "Өлең - сөздің патшасы" аялдамасында танымал ақындардың өлеңдері берілген, сол өлеңдерді жалғастырып жатқа оқыды. Кеш соңында балалар кроссворд пен сөзжұмбақтар шешті. Іс-шара қызықты да тартымды болды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/464-kitappen-birge-zhar-yn-lemge-ta-yrybynda-y-debi-ayaldama.html#sigFreeId197f3b082b



















