Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітаптарын насихаттау бойынша «Қаламгерлер - руханият шырақшысы» тақырыбында оқырмандар арасында әдеби кеш өтті.
Мақсаты: «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітаптары – 2025 ұлтымыздың көрнекті ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен көрнекті ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовті насихаттау бойынша өмірлері мен шығармашылық жолдарын көпшілікке таныстыра отырып, шығармаларына шолу жасап, осы туындыларды оқуға кітапханаға шақыру. Әдеби кеште «Тарихтан тағылым тартқан» тақырыпта кіріспе сөзбен ашып, «Бір ел- бір кітап» акция тарихын, 2007 жылдан бері аталмыш акция насихатталып келе жатқанын, биылғы жылы 18 рет өткізіліп тұрғанын түсінік беріп, 2025 жыл кітаптарының таңдауына ұлтымыздың көрнекті ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен көрнекті ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары таңдалғанын баяндап, «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» тақырыбында көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандар өздеріне қызықты болған шығармалары жөнінде пікір таластырып ойларын білдіріп жатты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/467-alamgerler-rukhaniyat-shyra-shysy-o-yrmandar-arasynda-debi-kesh.html#sigFreeId00dc73f27b



















