Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Діни экстремизмге қарсы күрес «Дін – тәрбие бастауы» кездесу

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен діни экстремизмге қарсы күрес аясында «Дін – тәрбие бастауы» теологпен кездесу кеші кітапхана қызметкерлері мен жастар арасында өтті.

Мақсаты: Жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршендігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін,құрметпен қарауға сенімін арттыру.

Іс – шара барысында оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева кіріспе сөзбен ашып, кеш қонағымен таныстырды. Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Жамбыл ауданы бойынша инспектор теологы Шариф Алмат Берікбайұлына сөз кезегі беріліп, кітапхана қызметкерлерімен, жастармен пікір алмасты.

Исламда сенім және ар - ождан бостандығы Ислам дінінің негізгі дәстүрі бойынша дінді зорлықпен қабылдату жоқ. Себебі, әркім иманға өз қалауымен,ықыласпен келуі керек. Кеш барысында «Дін - тәрбиенің рухани тірегі» кітап көрмесі ұсынылды.