Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыпты кеш Юрий Гагарин атындағы мектеп - лицейінің білім алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Іс - шараны оқу залының кітапханашысы Л.Есмұрзаева жүргізіп, Тәуелсіздігіміздің отыз тоғыз жылдық тарихына тоқталып өтті. Лицей білім алушылары желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, желтоқсан тарихымен танысып, Тәуелсіздік, Отан туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Сондай - ақ, кітапханашы «Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы» кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынып, библиографиялық шолу жасады.