Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата - кітап оқитын өңір» кітап оқу жобасының қорытынды іс - шарасы өтті.
Ауқымды мәдени жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларының қызметкерлері, үздік оқырмандар мен кітап жанашырлары қатысты.
Іс - шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөз сөйлеп, «Үздік автор», «Үздік ауылдық кітапхана», «Ел үшін туған ерлер», «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан», «Үздік оқырман» номинациялары бойынша үздіктерді марапаттады.
«Ең үздік ауылдық кітапхана»
«Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Қаракемер ауылдық кітапханасы Бас жүлдені иеленді.
«Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан»
Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған 14 - 21 жас және 22 - 35 жас аралығындағы «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» облыстық шығармашылық байқауының “Бас жүлде” жеңімпазы Шайдана ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Досым Абай иеленді.
I орын жеңімпазы, Жамбыл аудандық орталық кітапхананың оқырманы, Әбдіқапарова Ғалия салтанатты түрде марапатталды.
«Үздік оқырман»
«Үздік оқырман» номинациясы бойынша Жамбыл аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Рыспаева Биғайша "Үздік оқырман" атанды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/471-ulieata-kitap-o-ityn-ir-zdikter-marapattaldy.html#sigFreeId3a71b24d7e



















