Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Ұрпақ тәрбиесі мен ел мұраты талқыланған кездесу

Жамбыл ауданына арнайы сапармен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қоғам қайраткері, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызы келді. Алдымен  Жамбыл аудандық кітапхананың жаңа ғимаратымен танысып, кітапхана жұмысы, оқырмандарға көрсетіліп жатқан қызметтермен танысты.

Кездесу аудандық кітапханада жалғасып, оған аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы, ауданның ардагер журналисті Сансызбай Махамбетқұлов, сондай - ақ білім, мәдениет, спорт, жастар орталығы мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Сәуле Мешітбайқызы ұлттық құндылықтар, тіл, салт - дәстүр, отбасы тәрбиесі мен жас ұрпақтың рухани дамуы жайында мазмұнды ой қозғады.

Іс - шара соңында аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы елдік мүдде жолындағы қажырлы еңбегі үшін Сәуле Мешітбайқызына алғыс білдірді. Тағылымды кездесу қатысушыларға рухани серпіліс беріп, мазмұнды ойлармен қорытындыланды.