Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Медеу Сәрсекеевке 90 жыл толуына орай «Туған елін өркендеткен тұлға» әдеби лото

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы Медеу Сәрсекеевке 90 жыл толуына орай «Туған елін өркендеткен тұлға» тақырыбында ауыл тұрғындары арасында әдеби лото өтті.
Мақсаты: Жазушы Медеу Сәрсекенің тағылымы мол өмірдерегі мен шығармаларын көпшілікке таныту.
Әдеби лотоны Аса ауылында Абай көшесінің бойында орналасқан Абай «KORZINKA» көтерме маркетінің, «Халық» оптомаркетінің, «Bari Bar» дүкенінің «Дариға» жеміс-жидек дүңгіршегі ішінде және «SAMNUR» маркетінің алдында жазушы Медеу Сәрсеке қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер екені баяндалып, «Есімі еліне мәшһүр қаламгер» тақырыбында жазушы Медеу Сәрсекенің өмірдерегі таныстырылды. Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленген. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білгендігі айтылып, «Қаламгердің сан қыры» бөлімде шығармаларына арналған сұрақтар арқылы лото ойнатып, «Бұл кім?» тақырыбында ақын-жазушылардың портреттері арқылы кім екенін табу ойыны ойнатылып, «Халық жүрегіндегі жазушы» тақырыбында кешке арнайы жасақталған жылжымалы кітап көрмесіне шолу жасалды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына «Жаңа кітаптар әлемінде» жарнамалық парақша таратылды.