Қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 114 жыл толуына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында тақырыпты кеш №1 орта мектебінің 9-сынып білім алушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәліметтермен таныстыру. Қоғам қайраткерінің өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.
Іс - шарада кітапхана қызметкерлері Д. Қонаевтың өмірбаяны, отбасы, мұражайы, көзі көрген замандастарының естеліктеріне түсінік беретін бөлімдеріне жеке – жеке тоқталды.
Ғасырда емес, ғасырларда бір туатын, ел құрметіне бөленген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қанатты сөздерін және қаламгерлердің Д.Қонаев туралы жазған арнауларын Шерімбек Әбубәкір, Қалижан Алдияр, Төлеген Көркем т.б. жатқа айтты.
Сергіту сәті ұйымдастырылып, оқырмандарға логикалық сұрақтар қойылды.
Кеш соңында оқырмандарға «Дара тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Рафаэль Ниязбековтың «Кемеңгер», «Көсем» кітаптарымен мен бірге бірнеше кітаптар таныстырылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/480-o-am-ajratkeri-dinm-khamed-akhmet-ly-onaevty-tuyl-anyna-114-zhyl.html#sigFreeId85d2eb5fc9



















