Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Оқырман мәдениеті – ұлт руханиятының өзегі

Аудандық кітапхана директоры Аида Қалисаева мектеп директорларымен кездесіп, оқырман тарту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумы туралы ақпарат жұмыстарын жүргізді.
Білім беру ұйымдары мен кітапхана арасындағы серіктестікті дамыту, бірлескен жобалар мен мәдени-ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері айтылды.
Өзара байланыстарды нығайту, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бағытында оқушыларды кітапханаға тасымалдау жолдары қарастырылды.