Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Жәңгір хан 225 жыл «Жәңгір хан – елін сүйген, білімді қолдаған тұлға»

Аудандық орталық кітпахананың ұйымдастыруымен Бөкей Ордасының ханы Жәңгір хан 225 жыл «Жәңгір хан – елін сүйген, білімді қолдаған тұлға» атты тақырыпты кеш 9- сынып білім алушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды тарихи тұлғаны тануға баулу. Жәңгір ханның халыққа сіңірген еңбектерін түсіндіру, тарихқа деген қызығушылықты арттыру.
Іс шара барысында: Кітапханашы Л.Есмурзаева Жәңгір ханның өмірбаяны мен ағартушылық қызметі туралы қысқаша тоқталып өтті. Жәңгір хан Бөкей Ордасының ханы. Ол 1823 жылдан өмірінің соңына дейін хандық құрды. Жәңгір хан қазақ даласында білім мен мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөлген билеуші ретінде белгілі.
Кеш сонында оқырмандарға Қазақстан тарихына байланысты қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды, одан бөлек жаңадан келіп түскен кітаптар насихатталды.