Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

5ақпан- Дүниежүзілік сайлау күні «Сайлау және сайлау тәуелсіздігі»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 5ақпан- Дүниежүзілік сайлау күні «Сайлау және сайлау тәуелсіздігі» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты- Жастардың сайлау туралы құқықтық білімін арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және жастардың саяси белсенділігін дамыту.Сайлаудың тәуелсіз, әділ өтуінің маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен еркін таңдау құқығын насихаттау, демократиялық құндылықтарды қалыптастыру.

Дөңгелек үстел отырысына Аудандық ардагерлер үйінің билер алқасының төрағасы Саршаев Батырбек, Ардагерлер үйінің мүшесі, зейнеткер оқырман Күзербаев Сәрсен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» фонд офисінің директоры Пірімқұлов Сембек, Аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары Қалшымбетов Бауыржан, Аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Затыбеков Орынбасар қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі, сайлаудың негізгі қағидаттары, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері, жастардың сайлауға қатысуының маңызы жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар: сайлаудың демократиялық қоғамдағы рөлі; сайлау мәдениеті мен саяси сауаттылық;, жастардың сайлауға қатысу белсенділігі, әлеуметтік желілердің сайлау процесіне ықпалы сияқты мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында «Сайлауға қатысу – азаматтың міндеті ме, әлде құқығы ма?», «Жастардың бір дауысы қоғамға әсер ете ала ма?» деген тақырыптарда пікірталас ұйымдастырылды. Жастар өз ойларын еркін білдіріп, дәлелді жауаптар ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар сайлауға саналы түрде қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі екендігін атап өтті. Дөңгелек үстел отырысы жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Кітапханашы Нурипа Манабаева «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Үкімет бюллетені», «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы үкіметінің актілер жинағы», «Қазақтың ата-заңдары», «Қазақстан республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына түсіндірме т.б кітаптарға библиоргафиялық шолу жасады.