Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы күйші-композиторы Дина Нұрпейісоваға 165жыл толуына орай «Күй анасы – Дина» атты музыкалық кеш №1 орта мектебінің білім алушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты – білім алушыларға Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен күй өнеріндегі орнын таныту, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру, жас ұрпақты рухани-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жүргізуші Кітапханашы Нурипа Манабаева Дина Нұрпейісованың өмірбаяны, ұстазы Құрманғазымен байланысы, күйшілік мұрасы туралы кеңінен мәлімет берді. Қатысушылар күйші туралы өлең жолдарын оқып, мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», «Тойбастар» сияқты күйлерінен үзінділер орындалып, іс-шараның мазмұнын аша түсті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Оқушылар ұлттық өнерге деген құрметін арттырып, күй өнерінің терең мағынасын түсіне білді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/485-dina-n-rpejisova-a-165zhyl-toluyna-oraj-k-j-anasy-dina-atty-muzykaly-kesh.html#sigFreeIddd2807d8b8



















