Жергілікті қаламгерлермен «Жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы бойынша ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұржан Әліш Науатбекұлының шығармашылығына арналған «Өмірім – өлеңім» атты поэзия кеші өтті.
Кеш қонағы: Қазақстан жазушылар одағының мүшесі «Жарық» фестивалінің дипломанты, өлеңдері Республикалық жас ақындардың антологиясына енген жергілікті ақын Қуаныш Ауғанбаев.
Әдеби кеште Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып білім алушылары, Айша - бибі орта мектебінің оқушылары Мерей Жамалбек, Мирас Жамалбек, Ю.Гагарин атындағы мектеп – лицейінің оқушылары Нұрдәулет Қуанышбай, Қайратұлы Бейбарыс, Жамбылбек Тоғжан, Жаңабек Бақкелді, Б.Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының оқушылары Аллаберген Батырбек, және Кәусар Тұрар № 1 орта мектептің оқушысы Жарқынбек Айару белсенділік танытып, поэзияның орасан шырайын тұтты.
Кездесу барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлемі таныстырылып, өлеңдері оқылып, мазмұнды сұхбат өрбіді. Оқушылар қаламгерге өз сауалдарын қойып, поэзияның құдіреті мен сөз өнерінің мәні туралы тың ойларымен бөлісті.
Әдебиетке жақындатар осындай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/486-zhas-alamgerler-zhobasy.html#sigFreeIdb250beca18



















