Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күніне орай "Ана тілі- мәңгі құламайтын бәйтерек" тақырыбында №1 тірек мектебінің 8 «Ә» сынып білім алушыларының арасында сайыс өтті.
Кештің мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білу, ұғыну, түсіну ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Сайыс Қазақстанның гимін орындаудан бет пердесі ашылып, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева жүргізіп отырды.
Кеш қонағы: Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Орынбаев Нұрдос Әзімбайұлы мен №1тірек мектебінің ұстазы Жамалбекова Салтанат қатысты.
Қатысушылар «Бірлік», «Ынтымақ» екі топқа бөлініп, атсалысып отырды. Аталмыш сайыс 4 кезеңді қамтыды.
І кезең - «Толғауы тоқсан қызыл тіл» салт -дәстүр ырымдар туралы
ІІ кезең - «Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ» «ырым тыйым» сөздердің мағынасын ашу.
ІІІ кезең -«Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» берілген сөз тіркестерінің мән - мағынасын ашу.
ІV кезең - «Тіспен түйгенді тіл шешеді» берілген сұрақтарға жауап беру.
Шара барысында қатысушылар белсендік танытып, тілге деген қызығушылықтарын көрсетті. «Бірлік» тобы белсенділікпен алға 3 ұпаймен шығып жеңіске жетті. Іс-шараға «Ана тілім- ардағым!» кітап көрмесіне шолу жасалып, «Тіл-асыл қазынам» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Мемлекеттік тілдер мерекесі ұлықталып, жастардың тілге деген қызығушылықтары артты деген ойдамыз.
Аталмыш кешке 28 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/487-21-a-pan-khaly-araly-ana-tili-k-nine-oraj-ana-tili-m-gi-lamajtyn-b-jterek-ta-yrybynda-sajys.html#sigFreeId30f7063d62



















