Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жүз жыл жырлаған жүрек» әдеби кеш №1 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары арасында өтті.
Кештің мақсаты: ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдеби кеш «Адалдықтың алып жыршысы» тақырыбында кіріспе сөзбен ашылып және "Жамбыл ауданының тарихы" баяндалды.
Іс - шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева жүргізіп отырды.
Шара барысында «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек» атты бөлімінде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді.
«Жамбыл-жыр алыбы» бөлімінде №1 орта мектебінің оқушылары: Сәрсенбай Еркеназ «Менің өмірім», Райс Шапағат «Кедей күйі», Әбдісаттар Мирас «Балаларды шулатқан», Туғанбек Асылжан «Қаһарман халық достығы»атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, терең мағынасын ашып көрсете білді.
Ақынның шығармаларына арналған кешке «Жамбыл – жырдың мәңгілік шамы » кітап көрмесіне шолу жасалып, көпшілік назарына ұсынылды. Кеш өте қызық әрі көңілді өтті.
Нәтижесінде: 23 оқырман қамтылды.



















