Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ел болып оқимыз» жобасы аясында рухани кеш

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, жазушы Құмарова Шәрбану Мұхитқызына 90 жыл толуына орай «Ғасыр нұры» портрет кеші Ю. Гагарин мектеп – лицейінің 10 «Б» сынып оқушылары арасында өтті.

Кештің мақсаты: Талай оқырманның жүрек түкпірінен орын алған жазушы Шәрбану Құмарованың өмірдерегі мен шығармаларын таныту.

Портрет кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева ашып, іс-шараны жүргізіп отырды.

Іс-шара барысында «Мен екі ғасырдың адамымын» бөлімінде ақын, жазушы Шәрбану Құмарованың өмірдерегін баяндап, «Ұлы шығармалар» тақырыбында жазушының шығармаларын таныстырды.

Шараға арнайы жасақталған «Белгілі қаламгер» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалып, қойылған әдебиеттер толығымен таныстырылды. Сондай-ақ, кешке «Әйел әлемінің академигі» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Іс-шараға 24 адам қамтылды.