Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 1 наурыз Алғыс айту күні «Жылы лебіз жан тебірентеді» мерекелік кеш №1 тірек мектебінің 8 «Ә» сынып білім алушыларының арасында өтті.
Мақсаты: «Жастардың сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мерекелік кешті кітапханашысы Қ.Асхатаева ашып, «Алғыс айту– асыл қасиет» тақырыбында баяндама жасады.
Шара барысында аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Замира Хожамкулова мен аудандық орталық кітапхананың «Зағип және көзі әлсіз көретіндер бөлімінің» кітапханашысы Әйгерім Уркумбаеваның орындауында «Алғыс» әні шырқалды.
Кеш «Амандасу» тренингі және «Автограф» ойынымен жалғасты. «Амандасу» тренингінде қатысушылар бір - бірін қайталамайтын амандасудың тәсілдерін көрсетті. «Автограф» ойынында балалар әртүрлі тілектерін қағаз бетіне жазып, тақтаға жабыстырып, алғыстарын білдірді.
Іс-шараға арнайы жасақталған «Алғыс- сөздің асылы» ашық қарауға библиографиялық шолу жасалып, «Алғыс айту-парызым!» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Іс-шараға 27 оқушы қатысты
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/490-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni-zhyly-lebiz-zhan-tebirentedi-merekelik-kesh.html#sigFreeId47f3ecbba3



















