Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Мен Жамбылды оқимын» поэтикалық марафон

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясының кітапханашысы Сәрсенбаева Розаның бірлесе ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Мен Жамбылды оқимын» поэтикалық марафон өтті.

Поэтикалық марафонның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлт руханиятының асыл қазынасын насихаттау, қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыру және шығармашылық қабілеттерін шыңдау болып табылады.

Іс – шара барысында оқырмандар белсене қатысып, ақынның елдік рухты көтеретін, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін жырларын Шалқарбек Інжу, Мырзалы Зере, Батырбек Аллаберген, Андақұл Зейнеп, Пернебек Жанайым, Марта Назнұр, Айдынқызы Айару, Рейімбай Жібек, Талас Ақерке «Қымыз», «Торқалы», «Артықша туған азамат», «Кәрілік», «Аттандыру», «Өлім мен өмір», «Зілді бұйрық», «Амангелді» т.б өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Қатысушылар әр өлеңнің мазмұнын терең сезініп, Жамбыл шығармашылығының өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұлы ақынның мол мұрасы – мәңгілік рухани құндылық. Іс-шара соңында «Жүз жырлаған жүрек» кітап көрмесіне шолу жасалынып, таныстырылды.