Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл мұрасы – халық қазынасы» библио-көрме оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты – ғасыр жыршысының бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оқырман қауымды ақын шығармашылығымен тереңірек таныстыру және жас ұрпақтың рухани дүниесін ұлттық құндылықтармен байыту.
Көрме барысында библиограф А. Мамашариева ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптарға мазмұнды шолу жасап, өлеңдер жинағы, айтыстары мен дастандары туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, жыр алыбының елдік пен ерлікті, отансүйгіштікті арқау еткен өлең-толғаулары оқырмандарға ұсынылды. Кітапхана оқырмандары Досым Абай ақынның «Өсиет» өлеңін, ал Амантай Айымжан «Жамбылға арнау» шығармасын мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды.
Іс-шара соңында Жамбыл Жабаевтың «Халық менің шын атым», «Жамбыл жырау», «Жамбыл Жабаев» 10 томдық шығармалар жинағына библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ, ақын мұрасын жүйелі түрде насихаттауға арналған «Жамбыл менің жай атым» библиографиялық құралы, «Виртуалды көрме», «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев», «Ұлы дала жыршысы» әдістемелік құралдары таныстырылды.
Нәтижесінде: 19 оқырман қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/493-zhambyl-m-rasy-khaly-azynasy-biblio-k-rmesi.html#sigFreeIdc07ef0baa3



















