Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Қазақтың тұңғыш зайырлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы, қазақ әдебиетінің асқақ шыңы, педагог әрі журналист, өлеңдері әр оқырман жүрегіне жол табатын лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оқуға құштар жүректер» аудан

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ халқының ұлы ағартушысы, балалар жазушысы, педагог, қоғам қайраткері, балалар әдебиетінің негізін қалаған тұлға, Қазақтың тұңғыш зайырлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы, қазақ әдебиетінің асқақ шыңы, педагог әрі журналист, өлеңдері әр оқырман жүрегіне жол табатын лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оқуға құштар жүректер» аудандық байқау өтті.

Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі - Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық мұрасын, қазақ поэзиясының ақиығы- Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау;
Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
Мәнерлеп оқу, ойды көркем жеткізу, әдеби кейіпкерді түсіну дағдыларын жетілдіру;
Жас буынның сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, шығармашылыққа бағыттау.

Байқау талаптары:
1.«Әдебиетпен өрілген өз әлемім» қатысушы өз әлемін, кітапқа деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қызығушылығын әсерлі әрі мазмұнды түрде таныстырады (2-3мин)
2. «Поэзия мен парасат» Ыбырай Алтынсарин мен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын орындау.
- Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңі (3 мин)
- Ыбырай Алтынсаринның прозалық шығармасынан үзінді орындауы тиіс. Қосымша қысқа сахналық көрініс немесе қысқа драмалық элемент қосуға болады. (3 мин)
3.Білім белесі (сұрақ жауап бөлімі) қатысушылар қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап береді. (3 мин)

Әділ қазы алқалары: Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлмімінің бас маманы Орынбаев Нұрдос Әзімбайұлы, Айнабекова Ақерке Қуанышбековна - Д. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы.

Әділ қазылар шешімімен бас жүлде және облыстық байқауға жолдаманы Ащыбұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы, Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Желеубай Дамираға бұйырды. 1-жүлделі орынды Амантай Айымжан Айшабибі ауылдық кітапханасының оқырманы, Айшабибі ауылдық мектебінің 8 сынып оқушысы ие болса, 2 – жүлделі орын Қ. Сартбаев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қожамжар Нұргүл мен Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Жаңабек Балауса өзара бөлісті. 3 - жүлделі орынға Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Файзулла Айару, 5 сынып оқушысы Жамбыл Сезім, Қаратау ауылдық кітапханасының оқырманы, Т.Рысқұлов орта мектебінің 4 сынып оқушысы Ағабек Інжу місе тұтты.

Кеш қорытындыланып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.